Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Павлодарда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының 100 қатысушысы жұмысқа орналасты – әкімдік

Павлодар қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының жобаларын іске асыру есебінен 193 жаңа жұмыс орны ашылып, бағдарламаның 100 қатысушысы жұмысқа орналасты, деп хабарлайды әкімдік.
Павлодар28 Қазан , 10:07

«Павлодарда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттары жұмыс істеп тұр. Барлық жоспарлы көрсеткіштер мемлекеттік қолдау шараларымен орындалған. Жобаларды іске асырудың арқасында 193 жаңа жұмыс орны ашылып, 100 адам екі қолға бір күрек тапты. Шағын несие бойынша лимит бағдарламасы толықтай орындалып, жастардың тағылымдамасы бойынша 181 түлек жұмысқа тұрды», - деп хабарлайды «Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қайрат Нұрмағамбетов.

Сонымен қатар, бағдарлама аясында 1 тұрғын үй салынып, қоныс иелері пәтерлеріне көшіп келді. Бағдарламаның 115 қатысушысы жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Соның ішінде 27-сі кәсіби дайындықтан өтіп жатса, 18-і әлеуметтік жұмыс орындарында қызмет етуде, 70-і жұмыспен қамтамасыз етілген.

Әкімдіктің хабарлауынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының басты индикаторы өзін-өзі жұмыспен қамтушы, жұмыссыз және әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды жұмыспен қамту шаралары жоспарын орындау болып табылады.




Яндекс.Метрика