Өңірлер

Павлодар облысының ЖӨӨ көлемі 7,6 пайызға өсті

Павлодар облысының 2014 жылғы қаңтар-маусым айларының жалпы өндірістік өнім көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 7,6 пайызға өсті, деп Павлодар облысы статистика департаментінің жетекшісі Дана Сұлтанова мәлімдеді.
Павлодар28 Қазан , 09:37

Өндірістік кәсіпкерліктер қаңтар-қыркүйек айларында 789 млрд теңгенің өнімін өндірді. Физикалық өндірістік өнім көлемінің индексі 98,5 пайызды құрады.

Аймақта өткен жылмен салыстырғанда  жалпы өңірлік өнім көлемі 1,8 пайызға өсіп, 72 млрд теңгені құрады.

«Осы жылдың 9 айында негізгі капиталға құйылған қаржы 204,4 млрд теңгені құрап, 114 пайызға тең болды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 75,6 млрд теңге немесе 123 пайызды құрады. 242 нысан аяқталды, оның ішінде 201 тұрғын үй және 41 тұру мақсаттағы емес үй», - деді ол.

Сондай-ақ, статистика департаментінің жетекшісі қолданысқа берілген тұрғын үй ауданы 66 мың шаршы метрді құрайтындығын айтты.




Яндекс.Метрика