Энергетика

2015 жылы СҚО-да 70 ғимаратқа энергоаудит жүргізу жоспарланған

2015 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы 70 ғимаратқа энергоаудит жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен жиында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Антон Федяев мәлімдеді.
Солтүстік Қазақстан28 Қазан , 09:21

Әкімдіктің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік энергетикалық реестр субъектілерінің жалпы саны 697. Олар негізінен жылына эквивалентті бес жүз және бір тоннадан астам көлемдегі шартты отын түріндегі энергетикалық ресурс тұтынатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар және мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері.  

«2015 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы 70 ғимаратқа энергоаудит жүргізу жоспарланып отыр. 2016 жылы тағы 84, 2017 жылы облыстағы бюджеттік ұйымның 85 ғимаратына аудит жасалмақ», - дейді А.Федяев.

 




Яндекс.Метрика