Өңірлер

СҚО-да мүлікті жария ету аясында 166 өтінім қабылданды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2014 жылдың 23 қазаны жағдайында комиссия назарына 166 өтінім келіп түсті, деп хабарлады әкімдік.
Солтүстік Қазақстан27 Қазан , 18:42

«Оның ішінде жария етілген нысандар саны-23, қайта қайтарылған өтінім – 61, қалған өтінімдер қарастырылуда», - делінген хабарламада.

Қаржы басқармасының жетекшісі Ескен Әкімжанов хабарлағандай, екінші толқын бойынша СҚО бойынша 2014-2016 жылдарға арналған сату жоспары бар.

Айта кетейік, жария етудің мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады.




Яндекс.Метрика