Экономика

Байқоңырдағы старт кешеніне «Союз 2.1а» зымыран тасығышы орнатылды

Бүгін, 27 қазанда, Мәскеу уақытымен сағат 4:30-да Байқоңыр ғарыш айлағында монтаж-сынақ корпусынан 31 старт кешені аймағына «Прогресс М-25М» көлік жүк кемесімен «Союз 2.1а» зымыран тасығышы шығарылды, деп хабарлайды Роскосмостың баспасөз қызметі.
Қызылорда27 Қазан , 18:57

 Ресей ғарыш агенттігінің хабарлауынша, қазіргі таңда «Прогресс М-25М» көлік жүк кемесімен «Союз 2.1а» зымыран тасығышы орнатылып, оған қызмет көрсету фермасы жеткізілді.

Хабарлауынша, «Прогресс М-25М» көлік жүк кемесімен «Союз 2.1а» зымыран тасығышын ұшыру 2014 жылдың 29 қазан күні Мәскеу уақытымен сағат 10:09-ға жоспарланған.  

Өздеріңізге де белгілі, ғарыш кемесі халықаралық ғарыш станциясына 2,5 мың тоннадан астам жүк тасымалдайды. Яғни, халықаралық ғарыш станциясының орбитасын сақтауға қажетті отын бөлшектері, азық-түлік, ғарышкерлерге су мен ауа, ғылыми құрылғылар мен ХҒС пайдалануын қамтамасыз ететін қондырғылар мен өзге де қажетті бұйымдар.




Яндекс.Метрика