Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Ресей 2014-2016 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды – ҚР МСМ

Бүгін Сочи қаласындағы ТМД елдерінің мәдени ынтымақтастық кеңесінің XXIX отырысы мен ЕАЭО Интеграциялық комитеті жанындағы Мәдениет кеңесінің VIII отырысы ясында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2014-2016 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
Әлемде27 Қазан , 18:27

«ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен РФ мәдениет министрінің орынбасары Григорий Ивлиев қол қойған бағдарламада тараптар мәдениет пен өнер саласындағы өзара әріптестікті кеңейту мәселелерін қарастырып, гуманитарлық салада Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мен ары қарай дамыту бойынша тұтастай шаралар кешенін өткізу туралы келісімге қол қойды.  А.Мұхамедиұлы мен В.Ивлиев тату көршілік қатынас пен одақтастық негізіндегі ортақ тарихи тамыр мен қатынасқа ие мемлекеттер арасындағы тығыз мәдени байланыстарды орнатудың маңызды құралы ретінде бағдарламаға ерекше назар аударды», - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан мен Ресей өкілдері екі елдің шығармашылық ұйымдары арасындағы байланысты орнату, аталмыш мемлекеттер аумағында өткізілетін байқаулар мен халықаралық фестивальдерге музыкалық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуына, Қазақстан мен Ресейдің театр ұжымдары мен труппаларына қолдау көрсетуге назар аударылып отыр.

Сонымен қатар, Ынтымақтастық бағдарламасына тарихи-мәдени мұраны есептеу, сақтау, қалпына келтіру, қолдану мен насихаттау саласындағы әріптестік мәселелері мен кітапхана қызметі мен мұрағат ісі саласындағы мамандардың біліктіліктерін арттыру шаралары енгізіліп отыр.




Яндекс.Метрика