Инфрақұрылымды дамыту

2014 жылдың ортасында Қаржы министрлігі импорттау бойынша электронды декларациялауға көшеді

2014 жылдың ортасына қарай ҚР Қаржы министрлігі импорт бойынша электронды декларациялауға көшеді, деп ҚР ведомство басшысы Болат Жәмішев Парламент мәжілісінде өткен үкіметтік сағат барысында мәлімдеді.
Казахстан23 Қыркүйек , 10:55

 « Жыл соңына дейін пилоттық жүйеде импорттың декларациясын енгіземіз. Егер де біз 2014 жылдың екінші жартысынан бастап жұмысқа кірісетін болсақ, жүйе тұрақты  қалыптасуы тиіс», - деді Б. Жәмішев.

 «Біз электронды рұқсат беру мен электронды лицензиялау жүйесіне қосылдық, бұл үрдіс ішкі экономикалық қызмет құжаттарын дайындауды жеңілдете түседі», - деді Б: Жәмішев.

Осындай тұрғыда құжаттар негізгі базада болады, ал құжаттарды үнемі көрсету әрекеті шеттетіледі.  

«Қазір е-лицензиялау базасында бар құжаттар бойынша біз шынайы режимде жұмыс істеудеміз. Құжат ұсынатын барлық  мемлекеттік органдар электронды рұқсат беру түріне көшті», - деді Қаржы министрлігінің басшысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика