Мәдениетті жаңғырту

Маңғыстау облысында Орталық Азия елдерінің театр фестивалі өтуде

Ақтау қаласында Орталық Азия мемлекеттерінің V халықаралық театр фестивалі өтуде, деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігі.
Маңғыстау27 Қазан , 19:12

«Халықаралық театр фестивалі Орталық Азия елдері мен Қазақстанның театр өнері саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, театр өнерін дамыту, театрлардың шығармашылық бастамаларын ынтыландыру, кәсіби қатынасқа және бірлескен шығармашылық жобаларға жағдай жасап, театр жұртшылығының назарын театрдың заманауи жаңалықтарына назарын аудару болып табылады», - делінген хабарламада.

Ведомствода хабарлағандай, фестивальға Астана қаласының жастар театры, Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры және Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының театр ұжымдары қатысады.

 




Яндекс.Метрика