Өңірлер

Қызылордада өтетін ІV инвестициялық форумда 11 меморандумға қол қою жоспарланған

29-30 қазан күндері Қызылорда облысында ІV «Байқоңыр» инвестициялық форум өтеді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда27 Қазан , 17:43

Оған 300-ден астам мейман келеді деп күтілуде.

Оның 60-тан астамы АҚШ, Түркия, Ресей, Нидерланды, Чехия, Польша, Малазия, БАӘ, Беларуссия, Тәжікстан, Жапония және Өзбекстанның инвесторлары мен бизнес өкілдері.

Екі күнге созылатын инвестициялық форум аясында 11 меморандумға қол қойылады деп күтілуде.

«Жалпы, бұл форум жарты жыл сайын өткізіліп келеді. Осыған дейін, 38 меморандумға қол қойылды. Басты жетістік Қызылордада шыны зауытының салынатындығы. Инвестор ретінде ирандық «Kaveh Glass Industry» компаниясы белгіленді. Жоба құны 52 млрд. 100 млн. теңге. Зауыттың жылдық қуаттылығы 197 100 тонна болмақ. Шығарылған өнімнің 30 пайызы шет елге экспортталатын болады», - делінген хабарламада.

Осы форум аясындағы келіссөздердің нәтижесінде қызылордалық 82 түлек Мәскеуде, 25-і Санкт-Петербургтың маңдайалды оқу орындарында білім алуда.

Еуропалық қайта құру және даму банкімен қол қойылған меморандум нәтижесінде көгілдір таза отынмен жүретін 20 жаңа автобус әкелінді. Алда  дәл осындай 100 автобус келеді. Сондай-ақ, «Жанрос Дриллинг» ЖШС, «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК банкпен тығыз байланыста жұмыс жасауда. Бұл бұған дейінгі өткен форумның нәтижесі.

 

 




Яндекс.Метрика