ҚР ИИДМБ

Үш бастаушы кәсіпкер қазақстандық банктерден 8 млн теңге алады

Алматыдағы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры мен Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының ұйымдастырған KazFranch-2014 көрмесі аясында «Жас кәсіпкер мектебі» жобасының үш түлегі банк гранттарымен марапатталды, деп хабарлайды «Даму» қоры.
Алматы қаласы27 Қазан , 17:38

«Жас кәсіпкер мектебі» жобасының үш жеңімпазы өздерінің бизнес идеяларын іске асыру үшін «Даму» қорының қазақстандық 2 әріптес банкінен грант алды. Банктердің бірі Алматы облысының Юлия Гомоненконың жобасын қаржыландыруға 3 млн теңге бөлді. Аталмыш жоба жергілікті жерде иппотерапияны дамытуға бағытталған. Екінші бір банк Тараз қаласындағы Ақмарал Дәрменбаеваға 3 млн теңге бөліп отыр. Дәрменбаеваның жобасы полиэтиленді эко пакеттер шығаратын цех құруды көздеген. Ал Қостанайлық Никита Карцев кешенді энергоүнемдеу жүйесі өндірісі бойынша шағын цех құруға 2 млн теңге алды», - делінген хабарламада.

Қордың хабарлауынша, көрмеге 35 компания қатысты. Олар өздерінің франшизасын дайындап жатқан немесе біреуге ұсынуға дайын отырған компаниялар. Сонымен қатар, көрме аясында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы мемлекеттік қолдау алған жемісті бизнес жобалардың галереясы, тақырыптық таныстырылымдар мен франчайзерлердің бренд шоуы, сонымен қатар франчайзинг саласындағы жетістікке жеткен кәсіпкерлер мен сарапшылардың шеберлік сыныптары таныстырылды. «Франчайзинг сатып алу жобасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы мен Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында грант ала алатын жобалардың бірі. Сонымен қатар, салалық шектеусіз «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында несие бойынша кепілдік пен субсидия алуға мүмкіндік береді», - дейді «Даму» қорының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Айта кету керек, «Даму» қоры басқарма төрайымының орынбасары Қанат Сұлтанғазиев Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында мемлекеттен қолдау алған алты жобаны таныстырды. «Осы жобаны іске асырып жатқан барлық кәсіпкерлер мемелкеттік бағдарламалар аясында шағын және орта бизнесті қолдаудың жекелеген қаржылық құралдарының артықшылықтарына қол жеткізіп қана қоймай, «Даму» қорының ұзақмерзімді әріптесіне айналып, түрлі бағыттар бойынша қолдаулар кешенін тұқтынуға болатынына көз жеткізіп отыр», - дейді Қанат Сұлтанғазиев.




Яндекс.Метрика