Білім беру

Қазақстанда жастардың шығармашылық ойлау қабілетін мектеп табалдырығынан дамыта бастау керек - Әбдірайым

Семинарға қатысушылар қазақстандық жастардың шығырмашылық және креативті ойлау қабілетінің дамуын кеңейте түседі. Бұл туралы Корея Республикасының тәжірибесіне сүйене отырып өнертапқыштық және креативті ойлау әдісі бойынша семинар ҚР әділет министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайым хабарлады.
Астана қаласы27 Қазан , 17:06

«Жас ұрпақ үшін өнертапқыштық пен инновацияны дамыту ол өнертапқыштық бойынша жүйелі түрде оқу бағдарламаларын ұйымдастыру болып табылады және ол жастардың креативті ойлауын кеңейтеді. Жалпы жас болашағынан зор үміт күттіретін өнертапқыштарды оқыту және оларды тәрбиелеу мемлекет пен оларға көптеген жылдарды ұтуға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді Б. Әбдірайым.

Сонымен қатар, ҚР әділет министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайым толықтырып өткендей, Қазақстанда жастардың шығармашылық ойлау қабілетін мектеп табалдырығынан дамыта бастау керек.

«Менің ойымша, жастардың шығармашылық ойлау қабілетін балабақша,  мектеп табалдырығынан дамыта бастау керек. Олар кішкентайынында өз біліміне және қабілетіне ересек кезіне қарағанда сенімдірек және ол өзінің алған білімін еш қорқынышсыз игере алады», - деп сендірді Бақытжан Әбдірайым.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада білім беру құрылымдарының өкілдерінің директорлар мен мектеп мұғалімдерінің және техникалық оқу орындары ұстаздарының қатысуымен  Корея Республикасының тәжірибесіне сүйене отырып өнертапқыштық және креативті ойлау әдісі бойынша семинар басталды. Аталмыш семинардың мақсаты  Қазақстандағы  білім саласындағы мекемелердің өнертапқыштық және креативті ойлаудың бірегей әдісін енгізу.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика