Адами капитал

Оңтүстік Корея мен ҚР тұңғыш рет өнертапқыштық және креативті ойлау саласында тәжірибе алмасады

Қазақстан Оңтүстік Корея үлгісінде өнертапқыштық және креативті ойлауды оқыту әдістемесі бойынша семинар өткізген алғашқы ел ретінде таңдалып отыр.
Астана қаласы27 Қазан , 16:51

Бұл туралы бүгін Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы Өтпелі және дамыған экономика департаментінің Кавказ, Орталық Азия және Шығыс Еуропа бөлімінің басшысы Сәуле Тілеулесова Оңтүстік Корея үлгісінде өнертапқыштық және креативті ойлауды оқыту әдістемесі бойынша семинар барысында мәлімдеді.

«Қазақстан – осынау жобаны ұйымдастырып отырған алғашқы мемлекет. Өткен жылы біз Кореяның Кәсіпкер және өнертапқыш іскер әйелдер қауымдастығымен бірлесіп бірінші семинарды өткіздік. Оңтүстік Кореядағы алғашқы тренингке 5 елдің 25 іскер әйелі қатысты. Онда Қазақстан да қатысты. Қазақстан өз аумағында осындай шараны ұйымдастырып отырған тұңғыш мемлекет», - дейді С.Тілеулесова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстан Үкіметі өскелең ұрпақ арасында өнертапқыштық және креативті ойлауды оқытуға ерекше көңіл аударады. Оның айтуынша Оңтүстік Корея патентке өтініш беру бойынша әлемде бесінші орында.

«Соңғы кездері қаржылық дағдарыс әлем бойынша тарап, көптеген мемлекеттердің экономикасы тоқырауда. Алайда,өткен жылдан бері экономикалық төмендеу деңгейі тоқтап, қайта аяққа тұра бастады. Оған берілген өтініштер санының артуы дәлел. 2013 жылы АҚШ пен Қытайда халықаралық деңгейдегі өтініш беру көлемі рекордтық деңгейге жетті. Осылайша тарихта алғаш рет 205 мың халықаралық өтініш берілді. Атап айтар болсақ, Америкада 57 мың 200, Ресейде 1200, Қазақстанда одан сәл аз өтініш берілген. Нәтижесінде, АҚШ бірінші орында, одан кейін тиісінше Жапония мен Қытай. Төртінші орында немістер болса, бесінші орында Оңтүстік Корея», - дейді.  

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада «Оңтүстік Корея үлгісінде өнертапқыштық және креативті ойлауды оқыту әдістемесі» атты оқыту семинары басталды. Оны ұйымдастырушы ҚР Әділет министрлігі, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің қатысуымен Дүниежүзілік өнертапқыш және кәсіпкер әйелдер қауымдастығы.  

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика