Өңірлер

Қарағанды облысында қысқы дайындыққа орай қатаң назарға 241 шақырым жол алынды

Қысқа дайындыққа 656 қар күрейтін техника жұмылдырыл отыр. Қатаң назарға 241 шақырым жол алынды,бұл туралы облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтың қатысуымен өткен жиында Жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқарма басшысының орынбасары Мақсұт Қожанов мәлімдеді.
Қарағанды27 Қазан , 17:23

«Биылғы жылы 770 шақырым жол жөндеуден өту жоспарында тұрғандығын хабарлады. Оның ішінде, республикалық маңызы бар – 161 км, облыстық маңызы бар – 194 км, моноқалаларды дамыту – 35,2 км, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» - 211 км, Қарағанды – 86,3 км, басқа қалалар мен аудандар – 82,5 км. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін 33,5 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр. 

Қысқа дайындыққа келсек, оған 656 қар күрейтін техника жұмылдырыл отыр. Қатаң назарға 241 шақырым жол алынды. 10 мың куб метрді құрайтын мұзға қарсы материалдар дайындалды.», - деді ол. 

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, облыстық маңызы бар автожолдарда 17 жылу нысаны мен 25 өндірістік нысаны бар

 «2014-2015 жылғы қыс мергізіліне дайындықтары мен іс-шараларын айта кетті. Қарға толып кеткен 565 шақырым жол қадағалауға алынғанын, жалпы қашықтығы 246,5 км құрап отыр. Оперативті және жұмыс штабы жұмылдырылып отыр», - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры Қанат Шаймин.

Жиналыс барысында облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков өткізіліп жатқан жұмыстар көлікжолдарының құрылымын жақсартуы керектігін атап өтті. 

Аймақ басшысы қала және аудан әкімдерінің міндеттерді уақытысында орындамағандықтарын сынға алды.  «Моноқалаларды дамыту» және «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы негізінде тиімді қадағалау жүргізуді, қала және аудан әкімдеріне автожолдарды жылдам тазалап, Бірыңғай диспетчерлік қызметке ақпарат беуді тапсырды.




Яндекс.Метрика