Басқару

Қазақстанда қала мен облыс мәслихатының 48 депутаты сайланды

«ҚР-дағы сайлау туралы» ҚР конституциялық заңының 101 бабы 4 тармағына сай 26 қазанда республиканың 14 өңіріндегі 48 сайлау округінде бұрын сайланғандармен бірге мәслихат депутаттарының сайлауы өтті, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы.
Казахстан27 Қазан , 15:42

Алматы мәслихатының екі депутаты, облыстың екі депутаты, қалалардың 13 депутаты мен аудандық мәслихаттың 31 депутаты сайланды.

Мәслихатқа сайланған депутаттардың 33-і ер 15-і әйел адам. Олардың орташа жасы 45 жас. 91,7%-ы жоғары білімге ие. 6,2%-ы орта маман, 2,1%-ы орта білімді. Депутаттардың 56,3%-ы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда жұмыс істейді. Ал 22,9%-ы коммерциялық құрылымдарда, 16,7%-ы саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдарда еңбек етеді.

Жалпы, сайлау компаниясы барысында 159 үміткер ұсынылып, оның 52-сі саяси партиялар тарапынан, 107-сі өз бетімен сайлауға түскен.

Аймақтық сайлау компаниясы мәслихат депутаттығына үміткер ретінде 150 адамды тіркеді. Сайлаушылардың белсенділік деңгейі 72,3% деңгейінде.

Дауыс беру мен есептеу процедурасын үміткерлердің сенімді өкілі, саяси партиялар өкілдері мен қоғамдық бірлестік пен БАҚ өкілдерінен тұратын 380 адам бақылады.  

Сайлау компаниясы сайлау заңнамасының нормалары талаптарына сай өтті, деп хабарлайды ОСК.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика