Өңірлер

СҚО Астанада өткен жәрмеңкеде 760 тоннадан астам өнім ұсынды

Әкімдіктен хабарлағандай, осымен 5 жыл қатарынан солтүстік қазақстандықтар елорда тұрғындарына аграрлық саладағы жеткен жетістіктерін паш етуде.
Солтүстік Қазақстан27 Қазан , 19:28

«Біздің облыс атынан бұл жәрмеңкеге 62 кәсіпорын қатысып отыр. Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылық өндіріс көздері даму үстінде, жыл сайын өнім өндіру екпіні ұлғайып келеді. Солтүстік Қазақстан облысының 13 ауданы және Петропавловск қаласы аталмыш жәрмеңкеде 760 тонна ауыл шаруашылық өнімін саудаға шығарды. Соның ішінде, 400 тонна көкөніс, 60 тонна ет, 15 тонна сүті өнімдері, 15 тонна шұжық, 20 тонна ұн, 10 тонна кеспе, 15 тонна бал, 15 тонна балық және 220 тонна өзге өнімдер», - деді Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Владимир Бубенко.

Хабарланғандай, жәрмеңкедегі тауардың бағасы қалыпты бағадан 15-20% арзан болды.

«Астанада тамақ та, дүкен мен базарлар да бар. Бірақ, өзге өңірлер Астанаға үлкен ниетпен келіп, өздерінің өндірген өнімдерін көрсетуге келеді. Бұл Астана мен облыстардың арасын жақындастыру, таныстыру. Сондықтан ары қарай да таныстығымыз, қарым-қатынасымыз дамуға тиісті», - деп атап өтті  Астана қаласы мәслихатының хатшысы Сансызбай Есілов.

Молшылық жәрмеңкесі өңірлерден келген көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздыры - 170 өнерпаздардың концертімен өрілді.




Яндекс.Метрика