Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Қазақстандық паралимпиадашылар IWAS-2013 Дүниежүзілік ойындарында 26 алқаға қол жеткізді

Голландияның Стадсканаал қаласында өтіп жатқан IWAS-2013 Дүниежүзілік ойындарының 3 күнінде Қазақстан құрамасы қоржынына тағы 5 медальді салды, деп ҚР Ұлттық паралимпиада Комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы23 Қыркүйек , 09:10

«Жүзуде Зульфия Габидуллина ерекше көзге түсті, ол арқамен жүзуден алтын және күміс алқаны иемденді. Жеңіл атлетика бойынша Равиль Мансурбаев – алтын, ал Ирина Тыщенко – күміс, Павел Сидорчук – қола жүлдені місе тұтты», - деп хабарламада жазылған.

3 күн ішінде ҚР Паралимпиадашылар құрамасы 26 медальға қол жеткізді – бұл елдегі паралимпиадашылар тарихында болмаған оқиға.

Айта кетейік, дүбірлі додаға 35 мемлекеттің 500 спортшысы қатысуда. Қазақстан намысын 16 қатысушы спорттың үш түрі (садақпен ату, жеңіл атлетика, жүзу) бойынша қорғауда.

IWAS Дүниежүзілік ойындары 2 жыл сайын ұйымдастырылып отырады. Осыған дейін аталмыш ойын Индияның Бангалор қаласында өткен. Ал 2009 жылы БАӘ Шардже қаласында, ағымдағы жылы Голландияның Стадсканаал қаласында өтуде.




Яндекс.Метрика