Адами капитал

Қазақстанда әйелдерге ерекше қамқорлық пен ықылас танытатындығы сезіледі – Хан Мин Енг

Қазақстанның қазіргі даму жолында әйелдерге деген қамқорлық өзекті мәселе болып отыр. Бұл туралы бүгін Корей Республикасы үлгісіндегі креативті ойлау мен өнертапқыштыққа баулу әдістемесі семинарында Дүниежүзілік өнертапқыш және кәсіпкер әйелдер қауымдастығының Президенті Хан Мин Енг мәлімдеді.
Астана қаласы27 Қазан , 14:48

«Менің ойымша бұл семинар Қазақстан халқының креативті ойлау деңгейін арттырып, елдің дамуында өзінің оң ықпалын тигізбек. Мен Қазақстандағы мәдениет пен мүмкіндіктер молдығының әлеуетін байқап, әсіресе мемлекеттің әйелдер қауымына көрсетіп жатқан қамқорлығына көз жеткіздім. Қоғамның дамуына әйелдердің қосып жатқан үлестері елдің дамуында үлкен маңызға ие екені анық. Осы тұрғыда әйелдер қауымының әлеуеті жоғары», - дейді Дүниежүзілік өнертапқыш және кәсіпкер әйелдер қауымдастығы Президенті Хан Мин Енг.

Айта кету керек, аталмыш семинар өнертапқыштықты кеңінен және жүйелі түрде дамытып, білім беру жүйесінде шетелдік озық үлгілерді пайдалану мен елдің индустриялды-инновациялық дамуына бағытталған нақты тәжірибелік нәтижелерге қол жетуізуге жол ашпақ.

Дүниежүзілік өнертапқыш және кәсіпкер әйелдер қауымдастығы Президенті Хан Мин Енг Назарбаев Университетінде, Ұлттық кәсіпкерлер палатасында, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АББҰ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және Агротехникалық университетінде лекция оқыды.  

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада «Корей Республикасы үлгісіндегі өнертапқыштық пен креативті ойлауды оқыту әдістемесі» атты оқыту семинары басталды.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика