Білім беру

Астанада Кореяның тәжірибесіне сүйене отырып өнертапқыштық және креативті ойлау әдісі бойынша семинар басталды

Бүгін Астанада білім беру құрылымдары өкілдерінің директорлар мен мектеп мұғалімдерінің және техникалық оқу орындары ұстаздарының қатысуымен Корея Республикасының тәжірибесіне сүйене отырып өнертапқыштық және креативті ойлау әдісі бойынша семинар басталды. Оған Дүниежүзілік өнертапқыш-кәсіпкер әйелдер қауымдастығының президенті Хан Мин Енг, ДЗМҰ өкілдері мен өнертапқыштыққа үйрететін саланың мамандары мен лекторлары қатысты.
Астана қаласы27 Қазан , 14:02

«Бүгін үш күнге созылатын семинардың ашылу салтанаты өтті. Президент білім саласы алдында үлкен міндеттер қойды.  Ол - адам капиталын дамыту және аталмыш семинар аясында инновация, өнертапқыштықты енгізу мен креативті ойлау және оны дамыту тақырыбы маңызды. Осы ретте Оңтүстік Кореяның тәжірибесі мол және біз оны үйренсек артық етпейді. Жалпы бүгінгі семинар тек білім саласына ғана емес, еліміздің инновациялық әлеуетін дамыту саласына да бірдей тиімді», - деп сендірді ҚР білім және ғылым вице министрі Есенғазы Иманғалиев.

Атап өткендей, семинарда Дүниежүзілік өнертапқыш-кәсіпкер әйелдер қауымдастығының президенті Хан Мин Енг, Йанзин мектебінің директоры, «Өнертапқыш - 2011 саласындағы Корея білімі» байқауының жеңімпазы, Сеул қаласындағы  білім беруге қолдау көрсету басқармасының өнертапқыштық курстары бойынша ұстаздары және өзгеде мұғалімдер лекция оқыды.

«Менің байқағаным, Қазақстандағы   білім саласы жоғары деңгейде. Жаңа дәуір заманауи технологияларды жасақтауға негізделген және ол мемлекеттік бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын құрамдас бөлігі. Креативті  ойлау күн өткен сайын Қазақстанда маңызы арта түсуде.  Бұл мені қатты қуантып отыр», - деп толықтырды Дүниежүзілік өнертапқыш-кәсіпкер әйелдер қауымдастығының презиенті Хан Мин Енг.

Сонымен қатар, аталмыш семинардың мақсаты  Қазақстандағы  білім саласындағы мекемелердің өнертапқыштық және креативті ойлаудың бірегей әдісін енгізу.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика