Өңірлер

2014 жылы Қазақстанда таза салмағы 15 млн тоннадан артық астық жиналады – АШМ (Фото)

Биыл Қазақстанда таза салмағы 15 млн тоннадан астам астық жиналады, деп мәлімдеді ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров жыл сайынғы «KazAgro/KazFarm 2014» халықаралық ауыл шаруашылық және мал шаруашылығы көрмесінде.
Астана қаласы 27 Қазан, 14:33

«Бүгінгі таңда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мониторингінің қорытындысы бойынша 17 млн тонна астық жиналып, соның 8 млн тоннасын экспортқа шығаруды жоспарлап отырмыз. Таза салмақтағы астық көлемі шамамен 15,5 млн тоннаны құрамақ», - дейді С.Омаров.

Вице-министрдің айтуынша, биыл ауа-райы қолайсыздығына байланысты егістік ору науқаны ерте аяқталып қалды. Ауа-райы қайта мүмкіндік беретін болса, тағы 10-15 күн егістік ору жұмыстары жүргізілмек.

Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының мәліметінше, биылғы жылдың 27 қазанында шаруалар 13125,2 мың гектар жерді орған. Бұл жалпы егістіктің 87,5%-ын құрайды. Жалпы биылғы орташа егістік шығымы гектарына 12,3 центнерді құрайды.  

Айта кету керек, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы бойынша халықаралық көрмеде қазақстандық және шетелдік ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің алдыңғы қатарлы жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды, олардың арасында түрлі техника, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, асыл тұқымдандырудың инновациялық жұмыстары, мал дәрігерлігі мен бордақылаудың барлық бағытына арналған құрылғылар бар.  

Хабарламада айтылғандай, қазіргі таңда ауыл шаруашылық техникасы өндірісіндегі қазақстандық қамту деңгейі моделіне байланысты шамамен 35% құрайды. Мысалға, беларусь зауытымен әріптестік құрғаннан бері 2000 мыңнан астам комбайн құрастырылып, сатылған.

Камила Амирова





Яндекс.Метрика