ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақ тілін білетін орыс жастары арасында «Тіл – парасат» байқауы өтті

Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қостанай қаласындағы Достық үйінде қазақ тілін білетін орыс жастарының арасында өтетін «Тіл – парасат» облыстық байқауы өтті.
Қостанай27 Қазан , 19:43

Байқауға 15-22 жас аралығындағы 13 жастар, оның ішінде оқушылар, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Байқау мемлекеттік тілді меңгерген орыс жастарын анықтау және ынталандыру, мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру, тіл мәдениетінің деңгейін және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру. мақсатымен ұйымдастырылған.

Байқауға келген қатысушылар, ұсынылған тақырып бойынша 3 минут уақыт ішінде мемлекеттік тілде және ағылшын тілінде алынған билет арқылы ауызша тұсаукесер жасау, 3-5 минут уақытта ұсынған тақырып бойынша алынған билет арқылы жұппен диалог құру шарттар бойынша өткізілді.

«Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орынға Рудный қаласы №2 гимназиясының 10 сынып оқушысы Бухвалова Аделина ие болды.ІІ орында - Меңдіқара ауданы Первомай орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғаліміДивель Вера.ІІІ орынды - Затобол гиназиясы мұғалімі Адамович Екатерина иеленді. Қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.Жеңімпаз Қостанай облысының намысын республикалық байқауда қорғайтын болады», - делінген хабарламада.

 




Яндекс.Метрика