Мәдениетті жаңғырту

ҚР Ұлттық музейінде Мемлекеттік Эрмитаждың алғашқы орталығы ашылады

ҚР Ұлттық музейінде Орталық Азиядағы Мемлекеттік Эрмитаждың алғашқы орталығы ашылады, деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігі.
Әлемде27 Қазан , 13:32

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры А.Хазбулатов және ҚР Ұлттық музейінің директоры Д.Мыңбай Ресейдің Мемлекеттік Эрмитажының бас директоры М. Пиотровскиймен ресми кездесуі өтті», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, екі мемлекет өкілдері әңгімелесу кезінде Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдениет, ғылым және өнер салаларындағы ынтымақтастық Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы-мемлекеттер жақындасуының жарқын үлгісі бола алатындығына тоқталып кетті.

Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық делегация және М.Пиотровский әңгімелесу барысында айтылып кеткен бағыттар бойынша халықаралық келісім жасасуға уағдаласты.




Яндекс.Метрика