Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы

Алматыда мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар саны көбеюде

Алматы қаласының қазақ тілін білмейтін тұрғындарының саны 4,5 пайызға қысқарды, деп Қазақстан халқының тілдеріне арналаған «Ана тілім – ардағым» фестивалінде қала әкімі Ахметжан Есімов хабарлады.
Алматы қаласы23 Қыркүйек , 08:46

20 қыркүйек күні Алматыда тілдер Күніне орай «Ана тілім – ардағым» атты фестиваль болып өтті. Шараның ашылуына қала әкімі Ахметжан Есімов қатысты.

«Ресми ақпарат бойынша, Алматының 55 пайызы тұрғылықты халық. Өзге ұлттар арасында қазақ тілін меңгергендер саны 22 пайызды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға жоғарылаған, ал мемлекеттік тілді білмеушілердің қатары 4,5 пайызға төмендеген», - деді Ахметжан Есімов.

Бүгінгі таңда қазақ тілді мектепте білім алатын оқушылар саны 30 мыңнан артылады. Алматы қаласының 60 мектебі қазақ тілінде білім беруде. Болашақта 58 жалпы білім беру мекемесін қазақшаландыру жоспарланып отыр.  

Қала басшысы атап өткендей, мемлекеттік тілдер саясатын дамытуға барлық жағдай жасалуда. Қазақ тілін дамыту үшін аудиокітаптар мен 125 анимациялы фильм түсірілді.

Шара соңында қала әкімі қалалық конкурстардың жеңімпаздары «Ең үздік аудармашы» - Шашаев Ерғали,  «Қазақ тілінің ең үздік мұғалімі» - Ержанова Сәрсен, «Үздік журналист» – Балаубаева Бағдагүл, «Үздік радиожурналист» - Жұмаханова Құралай, «Үздік интернет-журналист» - Ержанұлы Ерлік пен «Абай оқуларының жеңімпазы» Оразаева Лияны марапаттады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика