Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

«ҚТЖ»ҰК» АҚ дуальді жүйе бойынша 467 студентті оқытты

«Қазақстан Темір Жолы»ҰК» АҚ дуальді жүйе бойынша 467 студентті оқытты, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Қазан , 13:04

2014-2015 оқу жылдарында ҚазККА Ақмола колледжінің  бір топ студенті дуальді  жүйе  бойынша білім алуда. Колледждегі  оқу  курсы аясында  студенттер бір апта  теориялық білім алса, бір апта Астана локомотив және жөндеу депосында тәжірибеден өтеді.

Оқытудың дуальді  жүйесі студенттерге  теориялық білім берумен  қатар таңдаған мамандықтары бойынша өндірістік тәжірибеден өткізуді көздейді.

««ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның Көліктегі технологиялар орталығында (КТО) студенттердің  алған  білімдерін  өндірісте  қолдана білуі  үшін барлық жағдай жасалған. Бұған  қоса,  елордадағы локомотив депосы  секілді сала мекемелері өндірістік тәжірибеден өтуге үлкен септігін тигізбек», - делінген хабарламада.

Болашақ теміржолшылар үшін оқу бағдарламасы бес мамандық бойынша  жүзеге асырылуда: «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Темір жол көлігі тасымалын  ұйымдастыру  және қозғалысты  басқару», «Темір жол көлігі  қозғалысын басқару және автоматика, телемеханика», «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы», «Электрқамсыздандыру».

«ҚТЖ»ҰК» АҚ-да дуальді оқыту жүйесі ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан темір жолы  компаниясының және 17 салалық колледж арасындағы  көпжақты  келісімге  қол қою нәтижесінде  2013 жылдан бері қолданылып келеді.




Яндекс.Метрика