Білім беру

БҒМ Бакудегі министрлер кеңесінде тәжірибесімен бөлісті

Әзербайжан Республикасының Баку қаласында Еуропа Кеңесінің қолдауымен Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігін жүзеге асыру бойынша Білім министрлерінің IV Аймақтық кездеуі болып өтті.
Әлемде27 Қазан , 12:48

Қазақстан Республикасының делегациясын Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Ә. Қ. Ғалымова бастап барды.Мәжіліске Әзербайжан, Белоруссия, Грузия, Молдова, Ресей Федерациясы және Украинадан өкілдер, сондай-ақ, Еуропа кеңесі, Жоғары білімнің сапа кепілдігінің Еуропалық қауымдастығы, Еуропалық білім қоры және Еуропалық студенттер одағы сарапшылары қатысты.                  

Министрлік хабарлағандай, қазақстандық делегация ұлттық біліктілік шегін енгізу және жасау тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, білім берудің сапасын арттыру үшін тіркеудің тәуелсіз жүйесін құру туралы айтылды. Еуропа кеңесінің сарапшылары бұл мәселеге келгенде, Қазақстанның аймақ бойынша алдыңғы қатарда тұрғанын атап өтті. Біздің еліміз өз кезегінде Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігіне енбейтін елдер үшін аймақтағы тәжірибені жеткізуге  дайын екендерін жеткізді.

Кездесу қатысушылары аймақтық және екі жақты қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Кездесу Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігін жүзеге асыру бойынша білім министрлерінің IV Аймақтық кездесуі Декларациясын қабылдаумен аяқталды.   

 




Яндекс.Метрика