Өңірлер

Алматы облысында асыл тұқымды мал басының санын 10 мыңға жеткізу жоспарланған

Алматы облысында орналасқан республикадағы ең ірі асыл тұқымды репродукторлардың бірі 2015 жылы толық жобалық қуаттылыққа шығып және 10 мың аналық басқа дейін санын өсіруді көздеп отыр, деп хабарлады «ҚазАгроҚаржы» АҚ.
Алматы27 Қазан , 12:17

 «Арқарлы Майбүйрек» ЖШС шаруашылығы осы жылы Австралиядан  ангус және герефорд тұқымды 2795 бас ірі қара мал әкелді және бүгінгі күні асыл тұқымды мал саны 5 895 басқа жетіп отыр.

Инвестициялық жобаны «ҚазАгроҚаржы» АҚ республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырды. 4 пайызбен 2 млрд 432 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда шаруашылықта герефорд тұқымының 1390 бас малы тұр, қалғаны – қызыл және қара ангус сиырлары.

 «Біз тек осы тұқымдарды ғана таңдап алдық, өйткені олар барлық көрсеткіштері бойынша: жеңіл бұзаулауына, өз төлінен өсіп-өнуіне, ет сипаттамасына қарай дүниежүзіндегі лидер болып табылады» - дейді  «Архарлы Майбүйрек» ЖШС директоры Ермек Майқынов.

«ҚазАгроҚаржы» хабарлағандай, Австралиядан әкелінген малдың алғашқы партиясы өткен жылдың қыркүйек айында ұшақпен жеткізілген. Сиырлар қыстың суығына ойдағыдай төзіп шығып, біздің елдің табиғаттық-климаттық жағдайлары оларды ұстауға қолайлы болатынын дәлелдеді. «Архарлы Майбүйрек» ЖШС малды жыл бойы жайылымдық жерде баялаусыз ұстайтын «суық» тәсілді таңдап алды. Сол себепті мұнда құрылысқа барынша аз қаржы жұмсап, негізінен жемшөпке үміт артады. Қазіргі таңда мұнда жемшөптің 80 пайызы қысқа дайындалған. Шаруашылық құдықтар жасаумен айналысып, қолдағы бар жайылым жерлерін игеруде, жайылымдық жерлерінің жалпы алаңы 46 мың гектар. 

 «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2011-2014 жылдары  бар болғаны 36 549 бас ІҚМ әкелді, оның ішіндегі ет бағытындағы малдың саны 31 353 бас (импорт - 30 185, қазақстандық -1 168). Қызметінің барлық кезеңі ішінде 72 асыл тұқымды шаруашылық – репродукторды қаржыландырып, іске қосты.  Шамамен 12 мың бас асыл тұқымды төл алынды. 2014 жылы  6 438 бас ІҚМ немесе жоспардан 81%  (7 939 бас) әкелінді:  оның ішіндегі етті малдың саны — 5 681 бас (импорт – 5364, қазақстандық - 317).

 

 

 




Яндекс.Метрика