Энергияның балама көздерін дамыту

ҚР-да 2014 жылдың 9 айында электр энергиясын өндіру 67,79 млрд кВт/сағ құрады

ҚР-да 2014 жылдың 9 айында еліміздегі 76 электрстанцияның электр энергиясын өндіруі 67,79 млрд кВт/сағ құрады, бұл 2013 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш өскен және 101,1% көрсетті, деп ҚР-ның энергетика министрлігінен хабарлады.
Казахстан27 Қазан , 12:02

Қазақстан Президенті «Қазақстан - 2050» стратегиясы халыққа Жолдауында көмірсутекті экономика өзінің соңғы дәуіріне таяп қалды деген болатын. «Жаңа дәуір келуде, онда адамзаттың өмірі мұнай мен газға емес, жаңартылған энергия көздеріне негізделетін болады», - деді халыққа Жолдауында Н.Назарбаев.

Аталып өткендей, ЖЭК (жаңартылған энергия көздері) пен энергияны үнемдеу - Қазақстан үшін жаңалық. ҚР-да үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде ЖЭК үшін барлық жағдай жасалуда. Сонымен, соңғы 5 жылда Қазақстанда 7 шағын ГЭС, 6 желэлектростанциясы және жалпы қуаттылығы  32 МВт  болатын 3 күнэлектрстанцясы іске қосылды.

«ҚР-дағы желэнергетикасының әлеуеті 920 млрд кВтч/жылына құрайды, ал еліміздің оңтүстік аймақтарындағы күн энергиясының әлеуеті жылына 2500-3000 күн сағатына жетеді», - делінген хабарламада.

Хабарланғандай, ҮИИД МБ аясында іске қосылған нысандардың жалпы қуаттылығы 1341 МВт көрсетті.

Бұдан басқа, 2015 жылға дейін тағы  жалпы қуаттылығы 56 МВт 3 желэлектростанциясын, жалпы қуаттылығы 53 МВт 3 күн электрстанциясы мен қуаттылығы 4 МВт есептелген  2 малых ГЭС  іске қосу жоспарланған. Бұл шетелдіктермен талқыланып жатқан жүзеге асуы мүмкін жобаларды есепке алмағандағы жобалар. 




Яндекс.Метрика