Өңірлер

Қазақстанда 8 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым белсенді қызмет етуде

Қазақстанда 8 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым белсенді қызмет етуде. Бұл туралы Еуропа құқығы жәнә адам құқығы сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.
Астана қаласы 27 Қазан, 11:01

«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 27 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Соның ішінде қазіргі таңда 8400 ұйым белсенді қызмет етуде. Кейбірінің жабылып қалуына өзіндік себептері де жоқ емес», - дейді М.Бәшімов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде азаматтық қоғам әбден қалыптасып, өзінің даму жолына түскен.

«Біздің заңнама бұған толықтай мүмкіндік береді. Өзге елдерде, мысалы Батыс Еуропамен салыстырар болсақ, ондағы үкіметік емес ұйымдарға қатысты заңнама барынша қатал. Біздегі үкіметтік емес ұйымдардың 54 пайызы қызмет етіп жатыр, әрқайсысының өзіндік салалары бар», - дейді.

Сонымен қатар, азаматтық альянс Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру мәселесін көтеріп жатыр. Оларды гранттық негізде қолға алу керектігін айтуда. «Ол үшін мемлекеттік емес секторлардың әлеуметтік қызметтерін стандарттау керек. Азаматтық альянс ашықтық, үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ел алдында есеп беруі және кәсібилігін арттыру керектігін алға тартады», - дейді Еуропа құқығы жәнә адам құқығы сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов.

Камила Амирова

Фото Азамат Алиев





Яндекс.Метрика