Мәдениетті жаңғырту

Мәскеуде ТМД елдері мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қызметін талқылады

Мәскеуде ТМД елдері мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қызметін талқылады.Шараға мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлы қатысты.
Әлемде27 Қазан , 11:18

Отырысқа қатысушылар қордың 2014 жылы жүргізілген және 2015 жылы жүргізілетін жұмысын, «Дебюттер достастығы» атты ГЫК және ГЫМҚ Халықаралық   жүлдесінің ретін бекіту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, кездесу күн тәртібіне ТМД мемлекеттерінің шығармашылық және ғылыми интеллигенцияның ІХ форумна дайындық барысы кірді.

2006 жылдың 28 қарашасында құрылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше-елдердің Гуманитарлық ынтымақтастық бойынша Кеңесі ТМД қатысушы-мемлекеттерінің мәдениет, білім беру, ғылым, архив ісі, ақпарат және бұқаралық байланыстар,  спорт, туризм және жастармен қарым-қатынас мәселелерінде көпжақты серіктестікті бақылайтын орган болып табылатындығын еске саламыз.

ТМД елдерінің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорына (ГЫМҚ) жеті мемлекет – Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.

 

 

 




Яндекс.Метрика