Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

БҚО үйлестіру кеңесінің отырысында жаңа ӘҚБтК-нің нормалары талқыланды

Батыс Қазақстан облысы Әділет Департаменті жанынан құрылған мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің Үйлестіру Кеңесінің «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңалықтары» тақырыбында кезекті отырысы өткізілді.
Батыс Қазақстан27 Қазан , 11:03

Үйлестіру Кеңесінің жұмысына кеңес өкілдері, Әділет департаментінің қызметкерлері, сот, БҚО әкімі аппаратының, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ-нің БҚО бойынша филиалы, БҚО бойынша кәсіпкерлер палатасының, БАҚ өкілдері және адвокаттар қатысты, деп хабарлады әділет министрлігі.

Отырыс барысында әкімшілік жауапқа тарту, әкімшілік хаттамаларды толтыру, әкімшілік сот ісін жүргізу, әкімшілік жазаның мерзімі мен  тәртібі Қазақстан Республикасының  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» жаңа редакциясындағы Кодексінің нормалары талқыланды.

«Жаңа ӘҚБтК-нің жақсы да, коллизиондық жақтарына да көңіл аударылды. Талас-тартысты әкімшілік құқық бұзушылық тоқтаттырылуының мерзімі және тағы басқалар туғызды», - делінген хабарламада.

Отырыстың қорытындысы бойынша Үйлестіру Кеңесінің құзырына кіретін құқыққолдану тәжірибесінің мәселелі сұрақтары бойынша мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігі, әкімшілік хаттамалардың үлгілерін әзірлеу ұсынылып, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру сұрақтары бойынша ұсыныстарды орындау және бірлескен құқық түсіндіру жұмысын күшейту туралы шешім қабылданды.




Яндекс.Метрика