Инфрақұрылымды дамыту

Электронды үкімет порталы «Несиелік есептің қорытындысын алу» туралы жаңа қызмет түрін қосты

Электорнды үкімет порталы – «Несиелік есептің қорытындысын алу» қызметін іске қосты, деп egov.kz. сайтында мәлімденген.
Казахстан23 Қыркүйек , 11:59

 «Электронды үкімет сайты «Несиелік есептің қорытындысын алу» қызметін іске қосты. egov.kz сайтының әрбір қолданушысы 15 минут ішінде өз кредиттік есебінің жағдайын тексере алады. Қызмет түрі «Салық және қаржы» айдарында орналасқан», -деп хабарламада нақтыланған.  

Аталмыш қызмет түріне бір жылдың ішінде екінші рет жүгінсе онда ол қызмет түрі 500 теңгені құрайтын болады.

«Несиелік  есепте тұтынушының барлық кредиттік тарихы, оқиғасы көрсетілген. Бұл есеп қолданушының  кредиттік қызмет түрін қаншалықты қолданғаны, қарыздар мен есептік көрсеткіші», - деп матеиалда көрсетілген.

Қызмет түрін «Ұлттық ақпараттық технология» АҚ мен «Бірінші Несиеік Бюро» ЖШС мамандары ұсынып отыр. Несиелік тарихты алу жайлы тәулік бойы қызмет істейтін 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

Айта кетейік, электорнды үкімет порталының қызметі билік органдарының қызметін жеделдете түседі. Электорнды үкімет – бұл тұрғындар мен мемлекет, органдар арасында қарым-қатынасты дамытатын жүйе. 




Яндекс.Метрика