ҚР ИИДМБ

АЭА ИТП қатысушы кәсіпорындарының саны 156-ға жетті- Есімов

Арнайы экономикалық аймақтағы Инновациялық Технологиялар Паркіне қатысушылар қатары 2006 жылы 6 кәсіпорыннан қазіргі кезде 156-ға жетті, бұл туралы Инвестиция мен даму жөніндегі министр Әсет Исекешевтің қатысуымен өткен форумда қала әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы27 Қазан , 10:48

Мегаполис басшысы арнайы экономикалық аймақтарды құру Ұлттық экономиканы үдемелі индустриалды-инновациялық жолмен дамытудың маңызды құралы екендігін атап өтті. Мемлекет басшысының қолдауы арқасында осы аймақтағы компаниялардың жұмысын жақсартуға қол жетті, оларға салықтық және кедендік жеңілдіктер көрсетілді.

«Жүзеге асқан шаралар барысында АЭА ИТП (СЭЗ ПИТ)-не қатысушы кәсіпорындар қатары 2006 жылы небәрі 6 болса, бүгінгі күні 156-ға жетті. Егер келер жылы республикалық бюджеттен қаржы бөлінсе, онда ол толық игерілетін болады. Барлық коммуникациялар жүргізіліп, құрылыс келер жылдың тамыз айында аяқталады. АЭА ИТП (СЭЗ ПИТ)-нің аумағы ұлғаяды», - деді Ахметжан Есімов.

Бұдан өзге, қала әкімі АЭА ИТП-індегі компанияларды мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырды. Мысалы, жыл басынан бері «Мемтапсырыс» акциясында «Самрұқ-Қазына»ҰӘАҚ компанияларына алматылық өндірушілердің өнім беруі 2,5 есе артқан, 2013 жылы өнім көлемі 777 млрд. теңгеге жеткен.

«Инновациялық технологиялар паркінің компаниялары жыл сайынғы «Мемтапсырыс» акциясына қатысу үшін ұлттық компаниялардың талабын зерттеуі қажет. Сонда олар өз тауарлары мен қызметтерін ұсына алады», - деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде ҚР-ы Инвестиция және даму жөніндегі министр Әсет Исекешев өтіп жатқан Форумның маңыздылығын айтты.

«Форумның мақсаты - АЭА ИТП аумағына енгізуге болатын жобаларды көрсету. Ұлттық компанияларды отандық құрылымдарды жасауға және біздің инноваторларды қолдауға шақырамын», - деді Ә.Исекешев.




Яндекс.Метрика