Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

СҚО-да Орман форумы аясында орман ресурстарын басқару мәселелері талқыланды - әкімдік

СҚО-да «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және орман шаруашылығындағы жаңа технологиялар» атты Орман форумы өтті, деп облыс әкімдігінен хабарлады.
Солтүстік Қазақстан27 Қазан , 10:17

«Ормандар - Солтүстік Қазақстан облысы табиғитының маңызды құрамдас бөлігі. Олар аймақтың жер көлемінің 550 мың гектарын алып жатыр. Шара барасында билік, бизнес  және қоғам өкілдерімен бірлесе отыра орман ресурстарын  тиімді басқару мәселесі талқыланды», - делінген хабарламада.

Аймақ басшысы  Ерік Сұлтановтың айтуынша, бүгінгі таңда қолдағы бар орман алқаптарын сақтап қалу және олардың көлімен көбейту басты міндет болып табылады. Сонымен қатар, әкім баса айтып өткендей жалпы орман шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу де маңызды.

«Орман шаруашылығы - «жасыл» экономиканың маңызды құрамдас бөлігі. Қазақстан «жасыл» экономикаға бағыт алды, ол  жаңа инновациялық технологияларды енгізуді және тиімді басқаруды білдіреді. Және біз оған дайын болуымыз керек», - деп атап өтті ҚР ауылшаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев.

Атап өткендей, форум барысында Қазақстанның орман шаруашылығы және орманды қайта өңдеу қауымдастығы кеңесінің мүшелеріне дауыс беру өтті және шыршалар мен теректердің көшеттері отырғызылды.




Яндекс.Метрика