2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Талдықорғандық 700 адам «Менің елім - Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін» экспедициясын күтіп алды (Фото)

«Менің елім - Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін» этнографиялық автокөлік экспедициясы Талдықорған қаласына келді, деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы 27 Қазан, 09:02

Естеріңізге сала кетсек, экспедиция қазақстандықтарды, соның ішінде жастарды  еліміздің көріктілігі мен бірегейлігі идеясының төңірегінде біріктіру, жалпыға ортақ татулық пен келісім құндылықтары негізінде отаншылдық сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылды. Экспедиция өңіраралық мәдени байланыстарға да үлес қоспақ.

Екі айға жуық уақыт бойы 5 отандық автокөлік Қазақстанның барлық өңірлерін аралайды. Экспедицияға қатысушылар облыс орталықтарында өңірдің туристік, білімдік және экономикалық ахуалын көрсететін фотокөрмелер мен таныстырымдық шаралар өткізеді.

Жоба соңында экспедицияға қатысушылар сапардан алған әсерлері туралы фильм түсіріп, фотокітап шығарады. Еліміздің әр қаласының жастары «Тілек Картасына» тілектерін  жазып, қалдыра алады.





Яндекс.Метрика