Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу

Қазақстанда 2013 жылы моноқалаларды дамыту аясында 9 жоба жүзеге асырылды

Елімізде моноқалаларды дамыту мақсатында 47 жобаны жүзеге асыру қарастырылып, келесі кезеңде 9 жоба пайдалануға берілді, деп хабарлайды Аймақтық даму министрлігі.
Казахстан23 Қыркүйек , 11:42

«Бүгінде моноқалаларды дамытуға бағытталған 47 жобаның 9-ы халықтың игілігіне ұсынылды. Олар Степногорск, Хромтау, Балқаш, Жезқазған, Арқалык, Екібастұз қалаларында», - делінген ведомства хабарламасында.

Степногорсктегі қолданысқа берілген жоба жылына 1500 тонна сирек металл консентраттарын өндіретін кәсіпорын, Хромтауда инвестиция құны 700 млн теңге тұратын цех, Балқашта мыс өндіретін зауыт, Жезқазғанда құс шаруашылығына, тігін өндірісін модернизациялауға және фильтр өндірісіне бағытталған үш кәсіпорын іске қосылды.Сонымен қатар, 38 жоба құжаттандыру  кезеңінде.

Айта кету керек, аталмыш жобалар Индустриализация  картасының экономиканың шикізаттық емес секторында 100-ден астам жұмыс орнын ұсынатын инвестициялық жоба болып табылады. 




Яндекс.Метрика