Ұлттың денсаулығы

Д.Минин: Қазақстан заманауи спорт түрлеріне ашық

StreetWorkout халықаралық ұйымының басшысы Денис Минин Мемлекет басшысы өткізіп отырған халық арасындағы бұқаралық спортты дамыту идеясын жоғары бағалады. Бұл туралы ол бұқаралық спортты дамытуға арналған ғылыми-практикалық конференция барысында айтты.
Нұр-Сұлтан26 Қазан , 15:33

«Соңғы бірнеше жыл ішінде Қазақстанда бұқаралық спорт түрімен айналысуға бірқатар жұмыс жүргізілді. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі, себебі ол бұқаралық спортқа халықты ғана емес, билікті тартуға да ден ұойған. Біздің елде бұл екеуі біріккен», - деді ол.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда әлемде жастар арасында StreetWorkout қозғалысы кеңінен жайылуда.

«Дала спорты жастар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыруға септігін тигізді. Ұлт денсаулығының қуатты болуына әсер етеді», - деді ол. 




Яндекс.Метрика