ҚР ИИДМБ

Алматы облысындағы зауыт құрылысына 3,5 млрд теңге жұмсалды

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Береке ауылында облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында «TerraNova» зауыты ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Алматы26 Қазан , 14:33

Зауыт германиялық «ZIEMANN-BMS Maschinenfabrik» компаниясының құрал-жабдықтарымен жарақтандырылған. CIP автоматтандырылған жүйесі орнатылғандықтан сондықтан да су тазарту технологиясы заман талабына сәйкес. 

«TerraNova» ЖШС-ның алкогольсіз сусындар мен ауыз су шығаратын зауытының құрылтайшысы - «Қазақстан коммерция» АҚ. 
Бұл жаңа зауытқа салынған инвестиция 3,5 млрд. теңгені құрап отыр. Оның ішінде 2,2 млрд. теңгесі несиелік қаражат, 1,3 млрд. теңге - жеке қаражаты. Компанияның негізгі серіктестері - «Сбербанк» АҚ және «Даму» АҚ» кәсіпкерлікті қолдау қоры. Оның қуаттылығы жылына 70 млн. литр дайын өнім шығаруға жетеді. Зауытта 62 адам жұмыс істейді.

«Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына ерекше екпін түсіріп, өнеркәсіпті өркендету туралы тапсырма берген болатын. Сол міндеттерді орындау шеңберінде жүзеге асырылып отырған жоба облыс экономикасының дамуына үлес қосады деп ойлаймын. Біз қашанда кәсікерлерге инфрақұрылыммен қамтамасыз ету тұрғысында үнемі қолдау көрсететін боламыз», - деді облыс әкімі А.Батталов.

 

 




Яндекс.Метрика