Білім беру

Қазақстан мен Франция білім беру саласында ынтымақтастықты дамытады

Қазақстан мен Франция білім беру жобалары бойынша ынтымақтастық жүргізу келіссөздерін жүзеге асыруда. Бұл туралы Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-ға барған жұмыс сапары барысында Қазақстандағы Франция Елшілігінің мәдениет және техникалық ынтымақтастық сұрақтары бойынша кеңесшісі Йоннан Юрес мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан26 Қазан , 13:02

«Франция университеттері, оның ішінде Сорбонна Пари Сите университеті, Лотаринги университеті, Гавра Университеті, Франш-Комте Университеті, Перпиньян университеті Еуразия Ұлттық университетінде таныстырылды. Қазақстандық  тараптан Назарбаев Университетінің   Business Campus, Еуразия Ұлттық университеті, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар оталығы», - делінген хабарламада.

«Бүгінгі франциялық әріптестердің келуі Франция президенті Франсуа Олландтың ҚР-ға сапарының алдында жасалып отыр», - деді ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов.

Йоннан Юрес атап өткендей, қазақстандық ұлттық және мемлекеттік университеттер Франция ЖОО-ларымен студенттерді алмасу бойынша әріптестік орнатқан. Қазіргі таңда БҒМ мен келіссөздер жүргізілуде. 




Яндекс.Метрика