ҚР ИИДМБ

2014 жылы инновациялық бизнес-жоспар жобасына қатысу үшін 576 өтінім қабылданды

2014 жылы республикалық «NIF$50K» инновациялық бизнес-жоспар байқауына қатысу үшін 576 өтінім қабылданды. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 53,2 пайызға жоғары, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Нұр-Сұлтан26 Қазан , 12:00

«Қазақстанда жыл сайынғы инновациялық бизнес-жоспар байқауы өз мәресіне жетті. Ол инвестициялар және даму министрлігі мен технологиялық дамыту бойынша ұлттық агенттіктің бірлесуімен жүзеге асты», - делінген хабарламада.

2014 жылы «NIF$50K» байқауының жүлделі үшінші орнын Өскемендік Сергей Алешин алды, ол елдегі тұңғыш вирусқа қарсы бағдарламаны ойлап тапты.

Екінші орынды Оңтүстік қазақстандық профессор Нұрлыбай Манабаевтың агроөнеркәсіптік кешенінде кең қолданылатын жобасы иемденді. Ол ерекше технологиялық ерешеліктерге ие көп функционалды ауыл шаруашылығының машинасын ойлап тапты.

Байқау жеңімпазы болып Павлодар облысынан Абылхан Қарақаев танылды. Ол дизельдік қозғалтқышқа қойылатын қондырғы құрастырды», - делінген хабарламада.

Қатысушыларды Deloitte консалтинг компаниясының кәсіби бизнес-жаттықтырушылары арнайы кәсіпкерлікке баулиды. Байқау жеңімпазы 7,5 млн теңге көлеміндегі грантқа ие болады, 2 орын 2,5 млн теңге, 3 орын 1 млнтеңгені иеленді.




Яндекс.Метрика