Өңірлер

Көкшетаудағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне өнімнің 40 түрі қойылды

Көкшетауда Ақмола облысының ауыл шаруашылығы өнімінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Ақмола 26 Қазан, 11:02

«Жәрмеңкеге өнімнің 40 түрі жеткізілді. Оның ішінде 30 тонна ет пен шұжық, 1,5 тонна балық, 20 мың дана жұмыртқа, 10 тонна ұн, 2 тонна астық, 11 тонна қант, 6 мың литр өсімдік майы, 35 тонна картоп, 21 тонна көкөніс, 4,4 мың тонна сүт өнімі», - делінген хабарламада.

Әкімдікте хабарлағандай, аймақ басшысы Сергей Кулагин ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне барды. Ол сатылымға қойған тауардың сапасы мен бағасына назар аударды.

 





Яндекс.Метрика