Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Жыл соңына дейін Алматы-Қапшағай трассасының 10 км тапсырылады – ИДМ

Алматы-Қапшағай трассасының 104 км жөндеумен қамтылған, оның 10 километрін жыл аяғына дейін тапсыру жоспарланған, деп хабарлады инвестициялар және даму министрлігі.
Алматы25 Қазан , 15:02

«Трассаның 63 км көлік жүріп өтуге арналған 6 жолақты болып, ал қалған 41 км – 4 жолақты болып реконструкцияланады деп жобалануда. Бұл жол І техникалық санат нормативтері бойынша цемент-бетон жамылғымен салынатын болады. Құрылыс жұмыстарын 2016 жылы аяқтау жоспарлануда»,- делінген хабарламада.

Сонымен бірге министрге АҮААЖ жобасын іске асыну жоспарларын жайында баяндалды. Айналма жолдың ұзақтығы 66 км. Бұл жол І техникалық санат параметрлері бойынша 6 және 4 жолақты қозғалысқа арналып салынады. Жорамал бойынша, жолдағы қозғалыс жиілігі тәулігіне 38 мың автомобиль, қозғалыстың есепті жылдамдығы – 150 км/сағ болмақшы.Аталмыш жолда 8 жол айырығын, 19 көпір, 19 эстакада және жол өтпесін салу көзделген.

Жоба бойынша конкурс жөніндегі хабарландыру 2014 жылдың аяғына дейін өткізіледі.




Яндекс.Метрика