Қалаларға шоғырлану

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп өнімінің көлемі 2014 жылы 3,5 млрд теңгені құрады

2014 жыдың 6 айы бойынша Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлады инвестициялар және даму министрлігі.
Алматы қаласы26 Қазан , 10:31

«ҚР инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев Алматыға барған жұмыс сапары барысында тігін және аяқкиім өндірісінің инновациялық технологияларын игерген «Казлегпром-Алматы» ЖШС-інде болды. Қазіргі уақытта кәсіпорында 450-ге жуық адам жұмыс істейді. Ондағы жалпы  қызметкерлердің 50%-дан астамы – арнаулы орта білімдері бар, колледж бітірген жас мамандар», - делінген хабарламада.

Осы жылы фабрика мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау аясында жұмыс жасауда. Сомасы 3,2 млрд. теңгенің өнімін шығаруға келісім-шарт жасалған. Мұның сыртында кәсіпорын бірқатар коммерциялық кәсіпорындармен арнайы киім тігу ісімен шұғылданады.

Әлемдік рыноктағы жағдайдың күрделілігіне қарамастан, ҚР жеңіл өнеркәсібі  саласы индустриаландырудың бірінші бесжылдығында жыл сайын өсіп отырғандығын атап өту ләзім. Айталық, 2010-2013 жылдары өндірілген өнім 0,3 млрд. теңгеден 2,5 млрд. теңгеге дейін өсті, ал 2014 жылдың 6 айында 3,5 млрд. теңгеге жетті.

2010 жылдан бері салада 14 жаңа өндіріс орыны пайдалануға берілді, 2,5 мың жұмыс орыны ашылды.

Биылғы жылғы қазан айында Жеңіл өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес, 2020 жылға қарай шикі мақтаны өңдеу көлемін жыл сайын 5 тоннадан 50 тоннаға дейін арттыру; тері өнімдерін өндіруде – мүйізді ірі қара терілері жыл сайынғы көлемінің өңделуін 50%-ға дейін арттыру, сонымен бірге жіңішке талшықты жүннің бастапқы өңдеудің жыл сайынғы көлемін 15 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда.

 




Яндекс.Метрика