Парламент

Қазақстандық теңізшілер мен капитандарды халықаралық стандарт бойынша әзірлейді

Парламент Мәжілісі жақында бірінші оқылымда теңіз ұйымдарына аудит өткізуіне енген өзгерістерді мақұлдады, бұл қазақстандық кемелерге халықраралық аттестацияны өтуге және халықаралық үлгідегі дипломға ие болуды қамтамасыз етеді, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясы Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Бекеновқа сілтеме жасай отырып.
Казахстан25 Қазан , 15:51

«Кеме қатынасы саласында Халықаралық теңіз ұйымы қызмет етеді. Оның толыққанды мүшесі Қазақстан болып есептеледі. ХТҰ өз мүшелерінің еркін аудитін өткізеді, ал 2016 жылдан бастап аудит міндетті түрде өтетін ереже болып қалыптасады.

А.Бекеновтың айтуынша, қазақстандық кемелер аттестациядан өтіп, халықаралық стандартқа сай тәртіптерге жауап беретін болады. Оның ішіне қауіпсіздік пен экологиялық жағдай да кіреді.

«Навигациялық қауіпсіздікті күшейту  аясында навигациялық орталық  орнату жоспарланған. Заң жобасына сәйкес, Ақтау,Атырау  және Құрық ауылында навигациялық  орталық  құру көзделген», - деді фракция мүшесі.

Депутат атап өткендей, бірқатар навигациялық орталықтардың құрылуы Каспий маңындағы қазақстандық кемелердің санын көбейтеді.

Заң жобасы қабылданғаннан кейін Маңғыстау облысы Баутино навигациялық орталығында теңіз апатына жылдам әсер ететін орталық ашу жоспарланған.

Порталда атап өткендей, аталмыш заң жобасы теңізшілер мен вахта қызметкерлерін дипломмен қамтамасыз ету және халықаралық тұжырымдама бойынша қосымша дайындау мәселелерін қарастырады. 




Яндекс.Метрика