Ұлттың денсаулығы

«Самұрық-Қазына» әлеуметтік жобалардың жеңімпаздарына ақшалай сыйлық табыстады - ДСӘДМ

Астанада Қазақстанда іске асырылған 2014 жылдың үздік әлеуметтік жобаларының жеңімпаздары аталды.Бір ай бойы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сайтында онлайн дауыс беру жүргізілді, және бұл жерде қалаған адам өзіне ұнаған әлеуметтік жобаға дауыс бере алды, деп хабарлады ведомство.
Нұр-Сұлтан26 Қазан , 11:33

Ведомство сайтындағы дауыс беру қорытындысын ескере отырып,  құрамында ҚР Парламент депутаты И. Аронова, С.Жалмағамбетова, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Жақыпова, тележүргізуші Мая Бекбаева және ерекше мұқтаж адамдар қоғамдық ұйымдарының өкілдері А.Аманбаев, А.Ивкин, Л.Қалтаева және Д.Ердилдинова сияқты сарапшы қазылар алқасы мемлекетіміздің барлық өңірлерінде таратылуы мүмкін ең инновациялық 3 жобаны анықтады.

«Жеңімпаздар "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамынан ақшалай сыйлық алды,1 орын – Тараз қаласы, «Жылжымалы хоспис» жобасы, жоба шеңберінде қатерлі ісікке шалдыққан адамдарға қолдау көрсету, сыйлық сомасы - 2 миллион теңге. Жоба туралы.2 орын – Талдықорған қаласы, «Арнайы тренажерларда емдік денешынықтыру арқылы фитнес-оңалту өткізу» жобасы ерекше мұқтаж адамдарды оңалтуға бағытталған,  сыйлық сомасы–1,5 миллион теңге. 3 орын – Қостанай облысы, «Хатико – мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған дене шынықтыру және психологиялық оңалту орталығы» оңалту орталығын салу» жобасы,  сыйлық сомасы - 1 миллион», - делінген хабарламада.

1 миллион теңге көлемінде көтерме сыйақыны BG Kazakhstan компаниясынан «Степногорск қаласы, жетім балалар мен ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған № 4 балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Медиаорталығы жеңіп алды.

 




Яндекс.Метрика