Инновациялар

«Балабақша» мобильдік қосымшасы ЖОО мен колледж студенттері арасындағы байқаудың үздік әзірлемесі болып танылды

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ data.gov.kz порталының ашық деректерін пайдалану арқылы мобильдік қосымшаларды әзірлеген әзірлеуші-студенттер арасында жеңімпаздарды анықтады, деп хабарлады электронды үкімет порталы.
Казахстан25 Қазан , 15:32

 «Байқау Қазақстанда АКТ саласын дамыту үшін үлкен әлеуеттің бар екенін көрсетті. Әзірше болашақ мамандықтың барлық қыр-сырын танып жатқан студенттер, көпшілікті қызықтыра алатын, қазір лайықты мобильдік қосымшаларды құруда. Барлық ұсынылған жобалар жоғары кәсіби деңгейде орындалған, олардың көп бөлігі Астана қаласының оқу, медициналық, мәдениет мекемелерін іздеуге арналған. Жеңімпаздардың жұмыстарынан басқа қазылар алқасын «Astana Expert», «Meken», «Z-map», «Open Data Tr» сияқты жобалар ерекше назар аудартты», - «ҰАТ» АҚ Бас архитекторы Таир Сабырғалиев айтты.

Ол сондай-ақ, барлық қатысушыларға ашық дерекетер порталы арқылы өзінің жұмыстарын ілгерілетуге мүмкіндік беріледі, және олардың соңғы өңдеуінен кейін мобильдік қосымшаға сілтеме қойылатынын атап айтты.

« Қазылар алқасы берген бағалардың негізінде «Балабақшалар» қосымшасын әзірлеген Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті Олжас Тойтеев бірінші орынға ие болды. «Астана қ. балабақшаларының тізімі» мәліметтер жиынтығын қолдана отырып, жеңімпаз Астана қаласы балабақшаларының орналасу картасын, байланыс және т.б. ақпаратты көрсететін каталогын ұсынды. Қосымша балаларына балабақша таңдағысы келген ата-аналарға арналған, ол жерде мекетепке дейін білім беру мекемелері жайлы өз пікірін қалдыруға да болады», - делінген хабарламада.

Екінші орын «е-лицензиялау» қосымшасын әзірлеуші Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті Сабит Тульбаевке тиесілі болды. Ол халыққа лицензияланытын салалар бойынша қызмет көрсететін мекемелер анықтамасын жасап шығарды. Мысалы, егер азаматқа көлігін техникалық байқаудан өткізу қажет болса, ол ТБО тізімін, олардың орналасқан, немесе қаланың өзіне қажетті жерінде орналасқан нотариустар тізімін таба алады. Ақпаратты жүйелендіру үшін автор data.gov.kz порталындағы мәліметтерімен ауқымды талдау жұмысын жүргізген.

Сүлеймен Димерел атындағы университет студенті Адиль Омаровтың авторлығындағы «Астана Гид» Астана қаласы бойынша жолсерігі үшінші орын алды. Қосымша Астана қаласының әлеуметтік және мәдени орындары олардың геоорналасуы мен байланыс ақпараттары көрсетілген каталог ретінде берілген. Оның авторы ашық деректер порталындағы Астана қаласының барлық нысандары жайлы ақпарат қолданылған. Қазылар алқасы автордың қосымша дизайнына ерекше көңіл бөлгенін атап өтті.




Яндекс.Метрика