Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Қызылордада кәсіпкерлер үшін 60 бизнес-жоспар әзірленді

Қызылордада Кәсіпкерлер күні аталып өтті, шара барысында өңірдің кәсіпкерлері шағын және және орта бизнесті қолдау бағдарламасы аясында қолдауға ие болу мәселелерін талқылады, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлер палатасы.
Қызылорда25 Қазан , 12:31

«Кездесуге Кәсіпкерлер палатасының өңірлік өкілдері, «Даму» қоры қатысты. «Кәсіпкерлер күні» өңірлік кәсіпкерлер палатасы екінші дәрежелері банктерден несие алу туралы ақпарат  берді», - делінген хабарламада.

«Даму» қорының қызметкерлері «Бизнестің жол картасы-2020», «ШОБ-ті қолдау бағдарламасы» арқылы  қолдау алу тәртіптері туралы баяндады.

«Кәсіпкерлердің көп бөлігін мүлікті кепілге қою, несиелендіру, мемлекеттік қолдау көрсету сұрақтары қызықтырады. Қазіргі таңда білікті мамандар 60 бизнес жоспар мен 6300 консультация әзірледі», - деді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының сервистік қолдау бөлімінің басшысы Әсел Алуашаева мәлімдеді.

Айта кетейік, 2014 жылдың 25 маусымында «Қазақстанның халық банкі» мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Аталмыш меморандум бойынша «Консультациялық орталық» өз жұмысын бастады. Ол жерде шағын және орта бизнес өкілдері барлық мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат ала  алады», - деді шара ұйымдастырушылары. 




Яндекс.Метрика