Халықаралық интеграция

Швейцарлық іскер топтар Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерге қызығушылық танытуда

Берн қаласында Елшілік Швейцария-ТМД бірлескен суда палатасымен қосылып, еуразиялық экономикалық одаққа және Қазақстанның инвестициялық климатына арналған бизнес-форум өткізді.Шарада негізгі баяндаушылар ретінде ҚР Министрінің орынбасары С.Ордабаев және Ұлттық экономика министрлігі халықаралық экономикалық интеграция департаментінің директоры А.Каримов сөз сөйледі, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Әлемде25 Қазан , 12:00

Форумның жұмысына Швейцарияның машина жасау, көлік, энергетика, химия, фармацевтика, туризм, ауыл шаруашылық, қаржы және сақтандыру салаларының өкілдері, сондай-ақ, дипломатиялық корпус және федералдық әкімшілік өкілдері қатысты.

«Сонымен қатар, қатысушылар Қазақстанның салық және кеден саясаты туралы ақпараттандырылды (PwC Switzerland), ал Қазақстанда бизнес жүргізу тәжірибесі туралы «Burckhardt Compression AG» (мұнай секторы), «Zurich Airport AG» (көлік саласы) және «ABB» (энергетика)» баяндама жасады», - делінген хабарламада.

Қорытынды пікір алмасу барысында интеграциялық процесстердің әлеуеті және ҚР мен Швейцария арасындағы екі жақты экономикалық ынтымақтастығының бірқатар өзекті мәселелері талқыланды.

Өткен шараның қорытындысы Швейцария іскер топтарының еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процесстерге және Қазақстанмен экономикалық байланыстарды ұлғайтуға деген қызығушылығын растайды.




Яндекс.Метрика