Ұлттың денсаулығы

Шымкентте инновациялық фармацевтикалық технологиялар мәселесі талқыланды – ДСӘДМ

Шымкент қаласында «Фармацевтикалық білім, ғылым және өндіріс – «Қазақстан-2020» стратегиясына бағыт» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Оңтүстік Қазақстан25 Қазан , 11:01

«Шараға Қазақстан, Ресей, Чехия, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан және өзге де жақын және алыс шетелдерден жетекші ғалымдар қатысты.  Іс-шараны ұйымдастырушы: ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы», - делінген хабарламада.

Конференцияда фармацевтика және медицина саласындағы өзекті мәселелер: дәрілік өсімдіктерді зерттеудің перспективалары, тұрғындарға фармацевтикалық көмек көрсетудің теориялық және әдістемелік негіздері, дәрілік құралдарды әзірлеу және ендірудің инновациялық технологиялары, дәрілердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар мен әдістер, қоғамдық денсаулық сақтау және теориялық медицина және басқа да тақырыптар талқыланды. 

Қазақстанның фармацевтикалық өндірістік секторының дамуы – күрделі, көп ембектенуді қажет ететін, қымбат, сонымен қатар қазақстандықтардың денсаулығына және игілігіне қажет ететін үдеріс. Отандық фармацевтикалық өндіріс 80 кәсіпорыннан тұрады. 6 ірі зауыттың үлесіне Қазақстанда шығарылатын дәрі-дәрмектің 90% келеді, олардың ішінде «Химфарм» АҚ, «Нобел АФФ», БК «Глобал Фарм», «Ромат» фармацевтикалық компаниялары, «Hуp-Май Фарм» ЖШС, Қарағанды фармацевтикалық кешені.

 Фармкәсіпорындарға мемлекеттік қолдау GMP стандарттарын кеңінен енгізуге тікелей байланыста, бұл ел тұрғындарын қауіпсіз, сапалы және арзан өніммен қамтамасыз етуге игілігін тигізеді.

 

 




Яндекс.Метрика