2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Президент бізді әрқашан ашық мемлекет құруға шақырады – Сәдуақасова

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетіміз ашық және адамдардыың өмір сүруіне қолайлы болуы керектігін үнемі айтады. Бұл туралы Strategy2050 АА агенттігіне берген сұхбатында Мемлекеттік басқару академиясының этникааралық және конфессияаралық қарым-қатынас орталығының жетекшісі, әлеуметтік ғылымдар докторы Айгүл Сәдуақасова мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 25 Қазан, 10:33

«Қазақстанның полиэтникалық елге айналуы ұзақ ғасырлар бойы қалыптасты. XX ғасыр қазақтардың толеранттылық, адамгершілік, еңбексүйгіштігі ен далаға тасталған адамдардың өмірін сақтап қалуға септігін тигізді. Демек, саяси режим адам өміріне әсер етті, алайда Қазақстан ол адамдардың өмірін сақтауға, ұрпақ таратуға мүмкіндік берді. Қазір олар династия ретінде елімізде күн кешуде», - деді орталық жетекшісі.

Сондай-ақ, Айгүл Сәдуақасова Қазақстан Кеңес одағы құлағаннан кейін интеграциялық қадам жасағанын атап өтті.

«Біз бұл идеяны ғалымдар ретінде қолдаймыз, біз бұл орайда бірқатар зерттеу жүргізіп, тәртіптер мен саяси көзқарастыарды салыстырдық. Бұл жаңа қадам, әрине, Кеңес одағы құлағаннан кейін тарихи сана жойылған жоқ. Президент әрқашан елдің қалай құрылу керектігін айтты. Ол ашық және адамдардың өмір сүруіне қолайлы болуы тиіс. Бүгін біз ЭКСПО-2107 көрмесін өткізгелі тұрмыз, біз іштей бірге және мықты болған кезде сыртқы факторлар әсер ете алмайды», - деді ол.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика