Ұлтаралық бірлік

А. Башмаков: Қазақстан рухани Мекке іспетті

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков Қазақстанды рухани Меккеге теңейді.
Нұр-Сұлтан 24 Қазан, 18:07

«Бүгінде Қазақстанның әлем руханияты астанасы, рухани Мекке екенін елдің бәрі мойынап отыр. Мамыр айында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезі өтеді. Онда кезекті рет руханият мәселелері талқыға салынады», - дейді А.Башмаков.

Оның айтуынша, ұлтаралық қатынас мәдениеті – дүниетаным мен болмыстың үлкен бір бөлігі. «Қазіргі таңдағы экономикалық дағдарыс – өте шығатын нәрсе, дағдарыстың үлкені – адамзаттың тоқырауы», - дейді.

Айта кету керек, былтыр Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы құрылған. Бұл кафедра Қазақстан халқы Ассамблеясының тірегіне айналды. Қазіргі таңда елдің 11 университетінде осынау кафедра ашылды.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қазанда этникалық толеранттылық мен ұлтаралық қатынас мәдениеті мәселесін ғылыми қамтамасыз ету мен әдістемелік біріктіру мақсатында Қазақстан халқы

Ассамблеясы кафедраларының қауымдастығы құрылды. «ҚХА Кафедралары қауымдастығының басты мақсаты студент жастар арасында толеранттылық тәрбиені құру процесіне көпұлтты қоғамның қазақстандық моделін зерттеу мен насихаттаудың біріңғай әдістемелік және тәжірибелік әдістерін дайындауға күш біріктіру болып табылады», - дейді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков.

Камила Амирова





Яндекс.Метрика