Қалаларға шоғырлану

Көкшетауда қала көшелерін тазарту үшін 356 млн теңге бөлінді – әкімдік

Көкшетауда көшелерді тазарту үшін қалалық бюджеттен 356 млн теңге бөлінді. Бұл туралы әкімдіктен хабарлады.
Ақмола24 Қазан , 19:22

Қаладағы көшелер мен алаңдарды тазалау жұмыстары 146 учаскі бойынша жүргізілетін болады: 89 көше мен 23 сквер.

«Тазалау жұмыстары еш кідірусіз жүргізілуі үшін шаралардың кестесі мен бағыты жасақталды. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен қосымша 82 млн теңге  қарастырылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, облыс орталығындағы көшелерді тазарту үшін күнделікті 30 дане техника пайдаланылады. Егер қар көптеп жауатын болса тазалау жұмыстарына тағы 68 дана техника тартылатын болады.

«Бұдан басқа қалада көктайғаққа қарсы шаралар жүргізілуде. Бұл мақсатта 5,3 млн теңге бөлінді және тағы 150 текше метрден астам инертті материалдың қоры сақталған. Өткен 4 күннің ішінде 360 текше метрден астам қар шығарылды», - деп әкімдіктен хабарлады.

Аталып өткендей, қаладағы көшелерді қардан тазалау әкімдіктің қатаң бақылауында және кезекшілік орнатылған.




Яндекс.Метрика